{metadescription}
Роупджампинг: Инструктор өрескел қате жіберген
Роупджампинг: Инструктор өрескел қате жіберген

Роупджампинг: Инструктор өрескел қате жіберген

Қарағандыда 33 жастағы келіншектің өлімінен кейін роупджампингтің нұсқаушысы (инструктор – ред.) қамауға алынды. Ол 8-ші қабаттан секірген Евгения Лоентьеваның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өрескел қате жіберген. 

Қайғылы жағдайдан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, аттракцион ұйымдастырушыларын тергеуге алған. Евгения биіктен секіргенде оның арқанын ұстап тұратын сымарқанның бір ұшы бекітілгеніне нұсқаушы көз жеткізбеген. Марқұмның арқасынан қағып, соңғы сапарына шығарып салғанын өзі де сезбесе керек. Енді тергеушілер Қарағандыда қанатын кеңге жайған аталмыш аттракционның қаншылықты заңды негізде жұмыс жасағанын анықтауға кірісті. Ғимараттың үстінен секіруге рұқсат еткен қонақүй қожайыны да жауапқа тартылады.

10-қазан күні роупджампинг клубына келіп биіктен секірген Шахтинск қаласының тұрғыны жазатайым қазаға ұшырады. Марқұмға биіктен секіру билетін туған күніне күйеуі сыйлапты. 

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Тергеу барысында 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталып, оның қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны белгілі болды. Күдікті ҚР ПК-тің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде