{metadescription}
Ревакциналау: Екінші қайтара екпені қашан аламыз?
Ревакциналау: Екінші қайтара екпені қашан аламыз?

Ревакциналау: Екінші қайтара екпені қашан аламыз?

Қазақстандықтардың екінші қайтара қашан екпе алатыны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамда үлкен сұрақ тудырған мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Вакцинаның екі компонентін қабылдағандарға енді қосымша дозаны 6 ай өткеннен кейін немесе 9 айға дейін салдыруға кеңес беріледі. Ал екпе алса да, кейін коронавирусқа шалдыққандар жазылғасын, араға үш ай салып бір-ақ ревакцинация істей алады. Осылайша екінші қайтара иммунизациялау қараша айында басталады деп жоспарланып отыр. Бірінші кезекте кеселмен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері егіледі. Одан кейінгі тізімде тәртіп сақшылары мен мұғалімдер.

Ревакциналауда тек бір-ақ доза пайдаланылады.

Айжан Есмағамбетова, Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрайымы:

- Әлі күнге дейін вакцинадан соң иммунитет 100 пайызға қорғалады деген ғалымдардың тұжырымы жоқ. Вирус әрдайым мутацияға ұшырайды. Осы орайда үшінші доза коронавирусқа қарсы тұрып, иммунитетті көтеруге көмектеседі деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.