Алматыда «Меха России» жәрмеңкесі қайталанбас акция ұсынады
Сұлулық пен жылу іздеген қыз-келіншектерге құлаққағыс: Алматыда «Меха России» жәрмеңкесі келушілерге қайталанбас акция ұсынады. Осы сенбі-жексенбі жеңілдіктер түні болмақ. Былғары тон мен ішік алуға құмартқандардарға таңдау да көп. Ер адамдарға да арналған қысқы киімдер бар.
Автор: Асқарбек Қазанғап
14.10.2021
Талай дүкеннің табалдырығын тоздырған Ирина Хаирова «Меха России» жәрмеңкесіне ғана іздегенін тапты. Өзіне де, көңіліне де қонымды қысқы киім «құйып қойғандай» деп қуанды.
Ирина Хаирова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Маған ассортименті қатты ұнады. Таңдау көп. Біраз тонды киіп көрдім. Дәл осы түрі ұнады. Мұндағы қызметкерлерге рақмет! Басқа қыздарға да осы жаққа келуге кеңес беремін. Өкінбейсіздер!
Шикізаты Финляндия, Австралия, Даниядан әкелінген ішік-тондар Ресейдің Пятигорск зауытында тігіледі. Қазақстан нарығына келгеніне алты жыл болған дүкеннің бүгінде клиенттері көп.
Қыстың қамын күзде ойла. Мұнда қыз-келіншектерден бөлек, жігіттерге арналған тон түрі жетерлік. Таңдаудан тіпті көз сүрінеді. Бағасына сапасы сай.
Осы демалыс «Меха России» жәрмеңкесіне келетіндерге тосынсый бар.
Елена Черкасова, «Меха России» дүкенінің өкілі:
- Екі күн бойына жеңілдік түні болады. 16, 17 қазанда күндізгі сағат үштен түнгі онға дейін жалғасады. Келіңіздер, күтеміз! Және біздің өнімді банк арқылы бөліп төлем жасауға болады.
Елтіріден бастап қара күзенге дейінгі ішік-тонның сан түрін Алматы қаласы, Абай 44 көшесіндегі дүкеннен табасыз. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!