{metadescription}
Пандемияның кесірінен күйзеліске ұшырағандар көбейген
Пандемияның кесірінен күйзеліске ұшырағандар көбейген

Пандемияның кесірінен күйзеліске ұшырағандар көбейген

Пандемия кесірінен күйзеліске ұшырағандар көбейген.  Індеттен қорқу, жақынынан айырылу, мәжбүрлі оқшаулану шаралары мен жұмыссыздық тұрғындардың психикалық күйін күрт нашарлатып жіберген. Психологтар осылай дабыл қағып отыр. 

Сондықтан отандық мамандар шетелдік әріптестерімен бас қосып, пандемия зардабымен күрес шаралары бойынша тәжірибе алмасуда. Коронавирус белең ала бастаған тұста елімізде азаматтарға психологиялық көмек көрсететін арнайы сайт ашылған. Онда психологтардың көмегіне осыған дейін 250 мыңнан астам адам жүгініпті. Ал биылғы жылдың тоғыз айының өзінде 300 мыңға тарта тұрғын психикалық денсаулық орталықтарына қаралған. Мамандар пандемия кесірінен ішімдікке салынып, суицид жасағандар статистикасы да артты дейді. Күйзелістің арты қайғыға ұласпау  үшін кәсіби психологтарға жүгіну аса маңызды.

Айгүл Әбетова, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы:

- Коронавирусты басынан өткерген адамнан неше түрлі психикалық ауруларды көріп жатырмыз. Бұл негізі эмоционалдық өзгерістерге тәуелді. Бұл мазасыздану, қорқу, үрейлену, ұйқыдан айырылу деген сияқты. Кейбір кісілерде субдепрессия бар. Ондай қатты дәрежеде емес, бірақ көңіл-күйі төменірек болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде