{metadescription}
Алматыда элиталы Бағанашыл 6 жыл сусыз отыр  
Алматыда элиталы Бағанашыл 6 жыл сусыз отыр  

Алматыда элиталы Бағанашыл 6 жыл сусыз отыр  

Алты жылдан бері сусыз отыр. Алматыда элиталы Бағанашыл ықшамауданының тұрғындары жуыну үшін қыста қардың, күзде жаңбырдың суын пайдалануға мәжбүр. Ал ауызсуды ондаған шақырым жердегі дүкеннен сатып ішеді екен.

Тіршілік нәрінен тарыққан жұрт талай табалдырық тоздырғанымен, еш нәтиже болмапты. Ал әкімдіктегілер судың мәселесі келесі жылы да шешілмейтіні ашық айтты. Бұқараның базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Қаланың қыз-қыз қайнаған өмірінен қашып Бағанашыл-2 ықшамауданыныңа тыныштық іздеп келген жұрт мұндай жағдайға тап боламыз деп ойламаған. Жиналған жұрт су тауқыметін алты жыл бойы тартып келеді. «Не ішетін, не суғаратын су жоқ» деп күрсінген тұрғындар тіпті жуынуға қаладағы туыстарымыздың үйіне барамыз дейді. Ал ауыз суды ондаған шақырым жердегі дүкеннен күнара сатып ішуге мәжбүр.

Гауһар Тасжанова, Алматы қаласының тұрғыны:

Мен суға төлеуге дайынмын. Бірақ ондай мүмкіндік жоқ. Жеті жыл бұрын қалаға қосылғанбыз. Өлместің күнін кешіп отырмыз. Суды қосып берсе, ақысын төлейтін едік. Қанша дегенмен 21ғасыр. Адам құсап өмір сүрейікші.

Тіршілік нәріне зар болған жұрт күз-көктемде жаңбырды күтіп, қыстыгүні қардың суын пайдаланамыз деп отыр. Тұрғындардың сөзінше су шығатын құдық бар екенін жеткізді. Бірақ оны қазуға құзырлы орган өкілдері рұқсат бермепті. 

Леонид Сметанников, Алматы қаласының тұрғыны:

Өзімнің ақшама орталық көшеге дейін қаздым. Тек 100 метрдей қалған. Полицейлер келіп айыппұл салды. Экологтар барлығына тыйым салды. Мен өзімнің ақшама барлығын қазып құбырларды қоюға дайынмын. Ары қарай өзіміз жиналып шешеміз. 100 метрдей қазуға мүмкіндік бергендерін қалаймын. Мұнда ештеңе отырғыза алмайсың. Сусыз өмір жоқ.

Саяжай болып саналған бұл аймақтың қалаға кіргеніне жеті жыл болған. Бірақ қалаға лайық жағдай жоқ деп тұрғындар шырылдауда. Ал әкімдіктегілер бұлардың базынасын жақсы біледі. Алайда бір-екі жылда су болмайтынын ашып айтты.

Темірлан Жапарбек, Алматы қаласы энерготиімділік және инфроқұрылымдық басқармасының маманы:

- Бұл жылы су барылмайды. Келесі жылы жұмыс басталса, 2023 жылы нақты беріледі. Өйткені қазір қыста еш жұмыс жүргізілмейді. Бірақ жоба шықса, келесі жылға ақша сұрасақ, басталады. Бір-екі жылдай жүргізіледі.

Алты жылдан бері ауыз сусыз отырған бағанашылдықтар шенеуніктерге сенуден қалған. Сондықтан олар талап-арызын қала әкіміне жеткізіп, наразылық білдіруді жалғастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде