Есірткімен ұсталған әйелдің артында кішкентай екі баласы қалды
Петропавлда есірткі таратумен айналысқан әйел ұсталды. Күдікті белгіленген жерге орамаларды жасырмақ болғанда тәртіп сақшылары шап беріп, 33 дана түйіншек тәркіленді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.10.2021
- Қалтаңыздағы орамаларда не және ол қайдан келді?
Қуыс-қуысқа тығып есірткі жасырып жүрген 25 жастағы әйелдің екі баласы бар. Синтетикалық зат оның қалтасынан ғана емес, сөмкесінен де шықты. Ол нашаны өзі де қолданады екен. Күдікті осыдан екі жыл бұрын синтетикалық есірткіні граффити арқылы жарнамалаймын деп ұсталған. Ол кезде тек айыппұлмен құтылыпты. Бұл жолы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қамауға алынған ананың артында екі жастан енді асқан екі баласы бар.
Руслан Үмбетов, СҚО ПД аға жедел уәкілі:
- Сот-химиялық зерттеу сараптамасына сәйкес «Альфа пи ви пи» синтетикалық есірткі. Бұл затты «тұз», «жылдамдық» деп те атайды. Әйелден аталған заттың 15,3 грамы тәркіленді. Бұл аса ірі көлемге жатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!