ШҚО: Ерлі-зайыпты зейнеткерді айуандықпен өлтірген
Шығыс Қазақстан облысында ерлі-зайыпты қос зейнеткерді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қолға түскен 37 жастағы азамат марқұмдардың көршісі болып шықты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.10.2021
Дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды қылмыс Прибрежное ауылында болған. Күдікті 83 және 74 жастағы зейнеткерлерді бірнеше жерден пышақтап, із қалдырмау үшін үйін өртеп жіберген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау барысында, екі мәйітті тауып алған. Марқұмдардың денесі жартылай жанып кеткен. Араға он ай салып күдікті ұсталды. Жауыздыққа барған азамат өзге емес, қос қарияның көршісі болып шықты. Ол ауыр қылмысқа баруына арадағы кикілжің себеп болғанын айтып отыр.
Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:
- 37 жастағы ер адам ұсталды.Ол жәбірленушілерді жақтырмаған. Кісі өлтіргеннен кейін ол әдейі үйді өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!