Ақтау – Мұнайлы: Жол апатына ұшыраған үшеудің жағдайы ауыр
Маңғыстау облысында ірі жол апатына ұшыраған үш жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың сүйегі сынып, ішкі ағзасы зақымданған дейді дәрігерлер.
Автор: Айман Нұрмағанбет
14.10.2021
Есет Шахатбаев, Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Екі науқас травматология пунктінен қаралып үйіне жіберілді. Үшеуі «қызыл» аймақта өте ауыр жағдаймен келген. Бүкіл мамандар қарап, екі науқас шұғыл отаға алынды. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Аппараттпен демалып жатыр.
Жантүршіктіретін жол апаты Ақтау - Мұнайлы тас жолында болды. Қарсы бағытқа шығып кеткен Chevrolet, «Нексиа» мен инкассатор көлігіне соғылған. Екі адам сол жерде тіл тартпай кетті. Қалған бес жолаушы дереу ауруханаға жеткізілген. Апатқа нақты кімнің кінәлі екенін тергеушілер анықтап жатыр.
Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
- Жол апатынан «Шевроле» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақатттан оқиға орнында көз жұмды. Бес зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Тіркелетін көптеген жол көлік оқиғаларының себебі – автокөліктердің қарсы бағытқа шығып кетуі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!