{metadescription}
Қайта иммунизациялау: Нені білу керек?
Қайта иммунизациялау: Нені білу керек?

Қайта иммунизациялау: Нені білу керек?

Елімізде коронавирусқа қарсы ревакциналау науқанына дайындық басталып кетті. Республиканың барлық өңірінде екінші қайтара екпе салдыруға вакцинаның қоры әзірге жеткілікті. Медицина мамандары қазір түсіндіру жүргізіп жатыр.  

Олар иммундық жүйені нығайту үшін бастапқыда егілген екпенің түрін қайта салдырмаған жөн деп отыр.

24-қарашада басталатын қайта иммунизациялауға қатысты тағы нені білу керек?

Аймақтарда вакциналау қарқыны қалай жүріп жатыр?

Әлемді әбігерге салған ауруды толық ауыздықтау мақсатында денсаулық сақтау министрлігі екінші қайтара екпе салдыруды қарашаның соңына белгіледі. Алда бір жарым ай бар. Соған қарамастан республиканың барлық өңірі қазірден бастап ревакциналауға тас-түйін дайынбыз деп құлшынып отыр. Мәселен, вирустың таралуы бәсеңдеп, «жасыл» аймаққа өткен Ақтөбе облысында ресейлік «Спутник V» мен отандық QazVac вакцинасының 150 мыңнан астам дозасы бар. Аталған өңірде екпенің екі бірдей компонентін толық алғандар саны 300 мың адамға жуық.  

Гүлбану Дәулетова, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиялогияны бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Облыста соңғы тәуліките 78 жағдай коронавируспен ауырғандар тіркелді. Бүгіннен бастап Ақтөбе облысы «жасыл» аймаққа өттті. Қазір ҚР Бас санитар дәрігерінің 42-қаулысына сәйкес, карантин шектеулері шарасын жеңілдету, егер біз қазір «сары» аймақтан «жасыл» аймақққа жеңілдету бойынша 7 күннен ерте жасамайды.

Жақында ғана қауіптің «қызыл» аймағынан «сарыға» ойысқан Қарағанды облысында да вакциналау қарқыны артқан. Соған қарамастан дәрігерлер қараша айында басталатын қайта иммунизациялауға ешқандай кедергі жоқ дейді. Өңірде «Спутник V», «Казвак» және «Веросел» вакциналары салынып жатыр. Тапшылық жоқ. Бүгінге дейін Қарағанды облысында вакцинамен 481 мың адам толық егілген. Стационарлардағы науқастардың саны да азайыпты. Госпитальдар консервацияға жабылып, бүгіндекоронавируспен 715-і ғана ем алып жатқанын дәрігерлер жетістік санап отыр.

Еркенұр Әрінова, Қарағанды облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің маманы:

- Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 163 жаңа жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 7088-ді құрады. Оның ішінде симтомы бар науқас –  79,7 пайыз, симптомсыз вирус тасымалдаушылар20,3 пайыз. Жалпы облыста эпидахуал біршама тұрақталды. Оның себебітұрғындардың вакцина алуы және бас санитар дәрігердің қаулысы талаптарының орындалуы.

Маңғыстау облысында екпе алуға жұрт әлі де асықпайды. Сондықтан медицина мамандары ревакциналау науқаны абыр-сабырсыз өтетініне сенімді. Жалпы мұнайлы өлкеде 700 мыңнан астам халық тұрады. Соның 139 мыңнан астамы ғана кеселге қарсы екпенің екі компонентін алған. Тиісінше, өңірде індет жұқтырғандар күрт көбейген. Жауаптылар эпидахуал тұрақталмаса шектеу шараларын күшейтуіміз мүмкін деп отыр. Аймақта төрт түрлі вакцинаның 135 мың дозасы бар.

Гүлнар Көркінбаева, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

«ГамКовид», «КазВак», «КоронаВак», «ВероСелл» вакциналары қолданыста бар, жеткілікті. Бүгінде сонда да аудан, қала деңгейінде қарайтын болсақ, облысымыздың көрсеткіші 45,7 пайызды қамтыса, бірақ төмен егілген бізде аудандар әлі де бар. Облыстық көрсеткіште төмені – Ақтау, Жаңаөзен қаласында, Қарақия, Мұнайлы аудандары.

Алматы қаласында медицина мамандары ревакциналауға қатысты түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Ақ халаттылар бастапқыда егілген екпені қайта салдырмаған жөн дейді. Бұл жаһандық тәжірибе. Мысалға, бұған дейін «Спутник V» вакцинасын алғандарға 9 ай өткен соң, өзге инактивтендірілген екпені, яғни «КазВак», «ВероСелл» немесе «КороноВак» алуға кеңес береді. Ал белсенділігі жойылған екпе салғызғандар, керісінше, 6 айдан кейін векторлық ресейлік вакцинаны алғаны дұрыс дейді. Бұл иммундық жүйені нығайтып, ағзаның кеселге қарсы тұру ықтималын арттырады.

Эльвира Ибрагимова, Алматы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

Ақпан айында алғаш вакциналау науқаны басталғанда 1750 қызметкер екпе алған. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер бар. Ең алдымен осы санаттағы адамдар ревакциналаудан өтеді. Басқа адамдарға да қарсы шықпаймыз. Бірақ қосымша дозаны 6 ай өткеннен кейін немесе 9 айға дейін салдыруға болатынын ұмытпау керек. Вакцинаның курсынан толық өтіп қайта ауырсаңыз, онда үш ай күтуіңіз керек.

Елімізде эпидахуал жазбен салыстырғанда едәуір тұрақталды. Кесел жұқтырғандар саны күз басталғалы күнделікті  2 мың адамның шамасында тіркелуде. Жалпы республика бойынша толық вакцина алнғандар саны 7 миллион адамға жуықтады. Осы тұрғындардың барлығы екінші мәрте егілу мүмкіндігіне ие. 24-қарашадан бастап қайта вакциналаудан алдымен дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлер, кейін 60 жастан асқан қариялар өтеді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ревакциналауға ешкім міндеттелмейді деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде