Байзақтағы зақымдалған оқ-дәрілердің көзін жою басталды
Жамбыл облысында тағы да жарылыс дауысы естілді. Бүгін Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі өрттен зақымдалған оқ-дәрілердің көзін жою басталып кетіпті. Ал оның мәнісін түсінбеген тұрғындар бір дүрлігіп қалды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.10.2021
Қоймадағы жарылыстан кейін тау болып үйіліп қалған зақымдалған оқ-дәрі бөлшектері түгелдей 12 шақырым жердегі таулы аймаққа тасымалданып жатыр. Мамандардың зерделеуімен адамға қауіпсіз деп танылған төңірекке қару қалдықтары жеткізіліп, көзі жойылады. Қолдан жару бір айы бойы дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жүргізіледі. Сондықтан әскерилер күніне 4-5 мәрте естілетін гүрсілден шошымай, оған түсінікпен қарауға шақырып отыр. Ал жұрттың қауіпсіздігі үшін жарылыс болатын аумақ қоршауға алынады.
Еркін Әбсадықов, 28349 әскери бөлім командирі:
- Бұл жерде кәсіби инженерлік-саперлік жеке құрам жұмыс істеп жатыр. Осы істің мамандары бәрі. Сол үшін қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы басқа жерге шығарып, көзін жойып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!