Оқушылар оқыс жағдайда іс-әрекет етуді үйренді – Алматы облысы
Алматы облысының оқушылары төтенше жағдайда қалай қимылдау керектігін үйренді. Шара құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған.
Автор: Елдос Есенбол
15.10.2021
Мақсаты – балаларды алғашқы көмек көрсетуге және сақтық шараларына баулу. Оқушылар кадет сыныбында әскери білімін жетілдіреді.
Төтенше жағдай қызметкерлерінен сабақ алып құтқару құралдарының жұмысымен танысады. Салтанатты шарада өрт сөндірушілер шұғыл әрекетін көрсетіп жаттығу жиынын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сабақ болашақта құтқарушы мамандығын таңдаған баланы машықтандырады және мектеп бітірген соң дәл осы сала бойынша жоғары оқу орнына түсуге септігін тигізеді.
Евгений Жуков, Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары:
- Оқушылар түске дейін мектеп бағдарламасымен оқиды. Түстен кейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен сабақ алады. Оқыс жағдай болғанда алғашқы көмек көрсетуді үйренеді. Бұл балалардың қатысуымен болатын түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Және болашағын құтқарушылықпен байланыстыратын оқушыларға тәжірибе болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!