{metadescription}
ШҚО: Шүлбіде көбалалы аналарға тұруға жарамсыз үй берген
ШҚО: Шүлбіде көбалалы аналарға тұруға жарамсыз үй берген

ШҚО: Шүлбіде көбалалы аналарға тұруға жарамсыз үй берген

Шығыс Қазақстан облысында әкімдік үй кезегінде тұрған көбалалы аналарға тұруға жарамсыз баспананың кілтін табыстаған. Осыған наразы Шүлбі ауылының тұрғындары бүгін шу шығарды.

Олардың айтуынша, талай жыл адам тұрмаған пәтерлердің есік-терезесі мен жылу батареяларын түгел тонап кеткен. Оның үстіне үйдің ішін қоқыс басқан. Қаңырап қалған нысанның жылу мен суға қарызы бар екен.

Бұл Семейге қарасты Шүлбі ауылы. Шаһар небәрі 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Кезінде халқының саны 10 мың болған. Қазір оның 3 мыңы ғана тұрақтап қалған. Әйтсе де жұмыс пен баспана қарашаның бас ауруына айналған.

Мұнда қаңырап қалаған көпқабатты үйлер көп. Шетінен тас-талқаны шығып жатыр. Баспаналар қараусыз қалғандықтан есік- терезесі мен жылу батареяларын түгел тонап кеткен. Ал ауылда үй кезегінде тұрған 98 отбасы бар. Солардың бірі – Александра Куликова . Көпбалалы ана атқамінерлер «мазақ қылды» деп ашулы. Оған әкімдік тұруға жарамсыз үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған.

Александра Куликова, Шүлбі ауылының тұрғыны:

Баспананы қалпына келтіруге ақша жоқ. Ақша болса, басқа,үй алмаймын ба? Ауылда жақсы жөңдеуі бар үйлердің өзі бір жарым, екі миллион тұрады. Ал ойлаңыз, мына үйді жөңдеуге бір үйдің ақшасы керек.

Әкім-қаралар бұл көпбалалы ананы да аңғал-саңғал үймен қарық қылған. Пәтер жалдаудан мезі болған отбасы тұруға жарамсыз баспананың кілтін алуға мәжбүр болдық дейді.  Тіпті жыртығын жамау үшін несиеге белшеден батқанын айтады. Сондықтан пәтер ішін жөңдеуге жұмсаған шығынды ақтамінерлердің өтеп беруін талап етіп отыр.

Жанар Лақбаева, Шүлбі ауылының тұрғыны:

Пәтердің есік-терезесі болған жоқ. Бәрін өзіміз жасадық. 700 мың теңге несие алдық. Қосымша туған-туыс көмектесті. Енді, атқамінерлер менен ештеңе талап етпеймін деген қолхат жазуды сұрап отыр. Мен жазбаймын. Шығынның жартысын өтеп беруін талап етемін.

Оның үстіне,бұл үйде талай жыл адам тұрмағандықтан жылу мен суға қарызы қордаланып кеткен. Ал баспана кілтін бергендердің айтары басқа. Атқамінерлер қаңырап қалған баспаналарды жұрт «өзі сұрап алды» дейді. 

Диана Шаяхметова, Семей қаласы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Екі бағытты қарастыруымыз керек. Бірінші кезекте – келесі жылы шаһар қазынасынан қаржы бөлу. Екінші кезекте – көмек қолын созатын азаматтарды іздеу. Өйткені есеп бойынша бір жарым миллион  ғана кетеді.

Ал мамандардың бұл ойы жүзеге аспаса, тұрғындар далада қаламыз ба деп қорқады. Өйткені олар үй кезегінен де алынып тасталуы мүмкін. Ал ауылда тұрғындар саны аз болғандықтан, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа баспана салу тиімсіз көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.