{metadescription}
Лидер.кз: Жоғалғандарды іздеумен айналысатындарға демеу қажет  
Лидер.кз: Жоғалғандарды іздеумен айналысатындарға демеу қажет  

Лидер.кз: Жоғалғандарды іздеумен айналысатындарға демеу қажет  

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеумен айналысатын еріктілер тобына қаржылай көмек қажет. Құрылғанына 5 жылдан асқан "Лидер.кз" ұйымы мыңдаған адамды аман-есен тауып, туыстарымен қайта қауыштырған.

Күн-түн демей сабылып жоғалғандарды іздегені үшін ақы да алмайды. «Ынталандыру болса, еріктілер санын көбейтіп, қоғамға бұдан зор көмегіміз тиер еді,, - дейді олар. 

Сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған еріктілер жан-жақтан жиналды. Бес жылдан астам істеп келген еріктілер үстіне жасыл кеудеше киіп, қолына рация ұстап дайын тұр. Басты мақсат – жоғалған адамды табу.

Жұмағали Еденбаев, ерікті:

- Басқа да өзіміздің жұмысымыз бар. Мен үшін бұл хобби деп санаймын. Елге жақсылық жасағанда тұрған ештеңе жоқ. Бала жоғалса, үлкен кісілер жоғалып жатса, жақсылық жасағанның несі жаман. 

Полицейлермен бірлесіп істейтін «Лидер» қоғамдық қорында елу қала мен жергілікті ауыл аймақтарда үш мыңнан астам еріктілер жұмыс атқарады. Жалпы табылғандар саны мыңнан асып өткен  ал, биыл 316 адам тірідей анықталды. Өз әкесін іздеп жүрген Нұрсұлтан Шалабай да еріктілерге үміт артып сеніп келген.

Нұрсұлтан Шалабай:

- Мен өз әкемді іздеймін. 14 қазанда үйден шығып кеткен. Бірінші топтағы мүгедек. Есін білмейді. Сонымен іздестіру жариялағанбыз. Алла қаласа, аман есен болса екен деп тілейміз. Міндетті түрде табылады деген сенімдеміз.

Еріктілер қаланың картасынан бағыт белгілеп, көше бойын кезіп іздеуде  адамдардың суреттерін жапсырып әлек. Көп күттірмей жоғалған адам да табылып, еріктілердің жұмысы бүгінге аяқталды. Алайда бұл төгілген терге ешқандай ақша төленбейді. Барлығы өзі үшін емес, өзгеге көмек көрсетемін деген ұстанымда. Ал  Lider.kz қоғамдық қорының жеткешісі демеуші іздейді.

Дельмира Блац, Алматы қаласы Lider.kz еріктілер жетекшісі:

- Өкінішке қарай, біз қызметімізге ақы алмаймыз. Біз тек өз күшімізге сенеміз. Демеушілер жоқ. Ұйымның құрылғанына алты жылға жуықтап қалды. Демеуші пайда болады деген үміттеміз.

Тегін, табанынан тозғанша хабар-ошарсыз кеткендерді іздейтін Lider.kz ұйымына мүше болатын еріктілер саны күннен-күнге артып келеді. Кез келген адам қатарға қосылып, игі іске атсалыса алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде