{metadescription}
Өскемендегі «Қамқорлық» орталығы 536 бүлдіршінді оңалтты
Өскемендегі «Қамқорлық» орталығы 536 бүлдіршінді оңалтты

Өскемендегі «Қамқорлық» орталығы 536 бүлдіршінді оңалтты

Әр бала бақытты болуға жаралған. Өскемендегі «Қамқорлық» орталығы түрлі ауруы бар 536 бүлдіршінді оңалту курсынан өткізіп қолтығынан демеді. Осыдан бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ашылған орталықтың аз уақытта атқарған шаруасы көп.

Жұмыс барысымен Шығыс Қазақстан облысына барған Қор директоры Дариға Назарбаева бейімдеу мекемесінің тыныс тіршілігімен танысты.

Екі жарым жастағы Әмір алғаш рет «Қамқорлық» орталғына келгенде жүре алмайтын. Екінші рет бұл жақтың есігін ашқанда тәй-тәй басып, анасы Арайлымның жүрегі қуаныштан жарыла жаздады.

Арайлым Базарова:

- Тізерлеп қана жүретін. Жүре алмайтын. Осы жаққа келгеннен кейін осындай нәтиже көрініп тұр. Қазір балам шауып жүгіріп жүр. Бізге көбіне массаж бен дене шынықтыру көмек берді.

Мұнда талайының тағдыры түрлі балалар. Бірінде туа бітті ауруы бар. Екіншісі аяқ асты жазымнан жарақат алғандар. Тоғыз жастағы Жасмин былтыр жол апатына түсіп төсектен төрт ай тұра алмай қалған. Оңалтудың курсының арқасында саусақтары қайта қимылдап, сөйлей бастады.

Орталыққа арнайы келген Дариға Назарбаеваға Жасмин ойыншық ыдысымен ас ұсынып, жүздескеніне мәз. Бүгінде «Қамқорлық» орталығында білігі мен білімі  сай 29 маман жұмыс істеп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры мұндай мекемелердің арқасында әр балаға үміт отын сыйлаймыз деп атап өтті.

Дариға Назарбаева, Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры:

Өзімді тату-тәтті, өнегелі әулетке қонаққа келгендей сезініп тұрмын. Әр отбасы мүшесінің орны бары білінеді. Осындай жылы ортаны қалыптастыра білген орталық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Өз баласының денсаулығы үшін күресіп жатқан ата-аналарға деген құрметім шексіз. Барлық бүлдіршіндер жазылып, арманы орындалуына тілектеспін! Үмітсіз, армансыз өмір жоқ. Сондықтан осы қасиетті жоғалтпаңыздар!

Дариға Назарбаева сапар барысында Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектепте орналасқан инклюзияны қолдау кабинетіне де барды. «Елбасы медалі» бағдарламасында дара шыққандарға қола медаль табыстады. Бұл жобаға елімізде 950 оқушы қатысып, 32-сі үздік танылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде