{metadescription}
Төбет асыраушылар жаңа заңға қарсы шықты
Төбет асыраушылар жаңа заңға қарсы шықты

Төбет асыраушылар жаңа заңға қарсы шықты

«Төбеттер төбелесіне тыйым салынбасын!» Еліміздегі ит асыраушылар жаңа заңға қарсы шықты. Өйткені қазақы төбеттің тұқымын тексеру үшін азуы мен жүректілігін сынақтан уақтылы өткізіп тұру керек дейді.

Бұған дейін экология министрлігі жануарларды қорғауға арналған заң жобасында ит төбелесіне толық тыйым салған. Енді ит баптаушылар оны қайта зерделеп, тек төбетке қатысты тұсын өзгертсе деп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында қазақы төбетті асылдандырып отырған мыңнан астам адам бар. Соның бірі – Ерлан Терлікбаев. Қазір оның қолында асырап- баптап отырған 12 төбеті бар. Барлығы жылына бірнеше рет сынақтан өткізіліп тұрады. Ал мұндай жүректі иттердің күшіктері шаруа қожалықтары тарапынан сұранысқа ие. Себебі, сұрыпталған төбет қана иесіне шын беріліп, төрт түлікті жыртқышқа жем қылмай қориды дейді. 

Ерлан Терлікбаев, Семей қаласының тұрғыны:

- Тестілік сынақ жабылатын болса, біз елімізден қазақы төбетімізді жоғалтамыз. Өйткені төбет – асыл тұқымды. Ол кәнден емес. Оған жақсы күтім керек. Біз оны қосқан кезде генетикалық тұрғыдан қарастырамыз. Бұл күрделі мәселе. Сондықтан тестілік сынақ зоотехникалық мереке. Бұның төбеттер төбелесіне еш қатысы жоқ.

Ақтөбелік төбет асырайтындар экология министрлігі ұсынған заң жобасы сол күйі қабылданатын болса, бәріміз қылмыскер атанамыз деп қорқады. Осы күнге дейін төбелеске шыққан төбеттердің бірде-бірі қансырап, аяусыз таланған жағдайы кездеспепті. Олар төбет төбелестіру дегеннен гөрі, сынақтан өткізу деген ұғымды құп көреді.

Еркебұлан Сарман, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

- Бұл заң қолданысқа енгізіліп кетсе, алдағы уақытта біз тестілеп тексеруді жүргізе алмаймыз. Себебі, бұл жерде төбеттердің нағыз күшін сынайтын, ол тек қана рингте бір-бірімен төбелестіру арқылы ғана тестілеуден өтеді. Бізде рингтің басында өліп қалу деген, қатты жарақат алу деген болмайды. Себебі, төреші ондайға жібермейді. Ветеринарлар бақылап тұрады. 

Жануарларды қорғаумен айналысатын қауымдастық өкілдері де жаңа заң жобасының шикі тұстары көп дейді. Төрт аяқтылардың төбелестен емес, адамдардан көп зардап шегіп отырғанын айтады. Ал төбеттердің төбелесіне қатысты тұсын бөлек талқылау керек деген пікірде.

Татьяна Острецова, «Қамқор» жануарларды қорғау қауымдастығының президенті: 

- Бұл мәселені кинолог, өзге де мамандарды шақырып талқылау керек. Мұндай иттерді асыраудың ерекшеліктері бар. Төбеттерді төбелестіруге де болатын шығар. Бірақ белгілі бір шектеулер қаралу керек. Ол жануарларды қорламайтын, зиян келтірмейтін тұстарын қарастырып. Өзге елдің ит төбелесіне қатысты заңдарын да зерделеу қажет.

Ит асырайтындар тек төбеттің төбелесіне ғана тыйым салмауды сұрайды. Ал өзге пайданы көздеп тұқымына қарамастан, жануарларды бір-біріне талатуды тоқтату керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде