БҰҰ Қазақстанның әрекетін жоғары бағалады
Біріккен ұлттар ұйымы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсеткен Қазақстанның әрекетін жоғары бағалады. Кабулдағы біздің делегациямен кездесуде Бас хатшының арнайы өкілі Дебора Лайонс ел аумағына 5 мың тонна ұн жеткізгені үшін алғыс білдіріп, ауған жұртын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
18.10.2021
Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ауғанстанға жексенбі күні барды. Дипломаттарды қауіпсіздік мақсатында тәліптердің қарулы күштері қорғап қарауылдап жүрген, тіпті брондалған автокөліктерге отырғызыпты.
Президенттің арнайы өкілі Ержан Қазыхан Ауғанстан Үкіметінің басшыларымен хаттаманың барлық ережесі бойынша кездескен. Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар қазақстандық саясаткер өз әріптесіне отандық ұнды жеткізуге арналған сертификатты тапсырды. 50 келі қап ұн тиелген 19 вагон ауған жеріне жеткізілді. Гуманитарлық көмекке жергілікті халық қуанып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!