{metadescription}
Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды
Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды

Құтқарушыларға құрмет! Алматыда төтенше жағдай қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аллея ашылды. Бұған қоса гүл бағы аумағында орнатылған ескерткіш көпшілікке таныстырылды.

Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған. Жүздеген ағаш отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салыныпты. Тақырыптық орындықтар қойылған.

Биыл тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды.

Жетпісбай Жанғалиұлы, өрт сөндіру қызметінің ардагері:

- Өмірін адам құтқаруға, халықты құтқаруға жанын береді. Міне, соған жағдай жасағанына біз өте қуаныштымыз. Менің көңілім босап тұр, шындығын айтқанда. Өйткені құтқарушылардың аллеясы, өрт сөндірушілердің аллеясы деген – керемет дүние.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.