{metadescription}
Ақтауда үлескерлер үйіне екі жыл бойы кіре алмай жүр
Ақтауда үлескерлер үйіне екі жыл бойы кіре алмай жүр

Ақтауда үлескерлер үйіне екі жыл бойы кіре алмай жүр

Ақтауда бір топ үлескер үйін даулап жүр. Бүгін наразылар құрылыс басына барып шу шығарды. Олар бар тапқанымызды үйге салып, қазір  пәтер жалдап сенделіп жүрміз дейді.

Айтуларынша 2019 жылы келісімшарт жасағандар бір жылдан кейін жаңа баспанаға қоныстануы тиіс болған. Алайда мепрдігер уәдесінде тұрмапты.

Үлескерлердің басым көпшілігі 2019 жылы құрылыс компаниясымен келісім-шартқа отырған. Құжат бойынша 2020 жылы «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінен уәделі пәтерін алу керек еді. Алайда барлығы пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Перизат Әділханова, үлескер:

- Үш үй алғанбыз, бір подъезден, 30 миллион теңге салдық. 7 блоктың тасы  қаланбаған. Кеше біз «К7» груптың» кеңсесіне хабарластық. Ақшаларыңызды алып кете беріңіздер, пәтер құны өсіп жатыр, біз ештеңе жоғалтпаймыз» деп айтты. Келесі жылдың 2022 жылдың 3, 4 тоқсанында аласыздар. Бізде басқа вариант жоқ. Материал жоқ, жұмысшы жоқ деді.    

Нұрсұлу Мұхитова, үлескер:

- Менің келісім-шартымда 2020 жылдың желтоқсан айында үй беріледі деген. Бір жыл өтті әлі үйді алмадым. Айтатын сылтаулары пандемияға байланысты құрылысты жүргізетін жұмысшылар жоқ содан тоқтап қалды деді. Одан биыл наурыз айында береміз деген. Үйді әлі берген жоқ. Енді желтоқсанға дейін күт дейді.

Жалпы тұрғын үй кешені 10 блоктан тұрады екен. Мердігер компания тек бірінші блоктағы пәтерлердің кілтін тапсырыпты. Үлескерлер сәл шыдаса, қалған құрылысты да аяқтаймыз деп ақталды.

Бақыт Меңдібаев, құрылыс компаниясының заңгері:

- Бірден-бір себеп бар. Ол дейтін материал жабдықтың жетпеуі. Кезінде пандемия болды. Сол кезде тұрып қалған құрылыстың барлығы пандемиядан рұқсат бергеннен кейін қалада плита жетпей қалды, сөздің шыны керек. Бес блоктың, бұйырса, кілтін желтоқсанға дейін толық бітіруге жоспарлап отырмыз. Толығымен желтоқсанда немесе 2022 жылдың бірініші кварталына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.  

Үлескерлердің енді желтоқсан айына дейін күтуден басқа амалы жоқ.  Ол кезде де мәселе шешілмесе, құзырлы органдарға арыз жазып, облыс әкіміне баруға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.