Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында эвакуатор жүк көлігіне соғылды
Нұр-Сұлтан- Петропавл тас жолында жантүршігетін жол апаты болды. Ақылы автобанда бұзылған көлікті тиеп келе жатқан эвакуатор жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Екі жолаушы көз жұмды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.10.2021
Оқыс жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. Ақкөл кентіне жақын маңда МAN жүк көлігі жиекте тоқтап тұрған. Осы кезде эвакуатор келіп соғылыпты. Қатты соққыдан эвакуатордың қозғалтқышы жұлынып шанағы жапырылып қалды. Салонда отырған екі жолаушы мерт болған. Көз жұмғандар бір үйдің күйеу баласы мен ұлы екен. Олардың Toyota Camry көлігі жолда сынып қалып, осы эвакуатормен Нұрсұлтан қаласына жеткізбекші болған. Ал 30 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Куәгерлер іздестіріліп жатыр. Жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлігінің апаттан ескерту жарығы қосулы болды ма, жоқ па, соны анықтау үшін.Әзірге белгілісі, екі жүргізуші мас болмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!