{metadescription}
Өміріне алаңдаған кәсіпкер әділдік сұрайды
Өміріне алаңдаған кәсіпкер әділдік сұрайды

Өміріне алаңдаған кәсіпкер әділдік сұрайды

Күмән расталып, қаупі өсті. Өміріне алаңдаған кәсіпкер Олжас Мұқажанов оған шабуыл жасаған сотталушылардың бабы «бұзақылыққа» ауыстырылғанына наразы. Өткен апта бұқарадан араша, соттан әділдік сұраған азамат енді тағы үреймен өмір сүремін бе деп алаңдайды.

Оны өлтіруге тапсырыс берген әлі іздеуде жүрген адам енді бұл жағдайдан соң бірден ақталады - дейді.

Олжас Мұқажанов:

«Бұзақылық» бабы бойынша тапсырыс беруші адам бұл істе тыс қалады. Яғни мені өлтіру үшін қылмыскерлер жіберген бұрынғы шенеунік Анарбек Ерлан ақталайын деп тұр. Ол әлі күнге дейін халықаралық іздеуде. Қылмысқа қатысы бары толығымен дәлелденген болатын. Бірақ неге екені прокурор араға бірнеше жыл салып 14 жылға сотталған үш азаматтың бабын «адам өлтіруге оқталудан» «бұзақылыққа» ауыстыруды сұрады. Бар келтірген дәйектері 1,5 метр қашықтықтан травматикалық тапаншамен адамды өлтіре алмайды. Бірақ осыған дейінгі сот отырыстарында бір метрден кем қашықтықта маған оқ атылғаны дәлелденді. Шикілік көп. Енді Жоғарғы сотқа шағым тастаймын.

Осыдан жеті жыл бұрын елордада Олжас Мұқажанов пен оның танысына шабуыл жасалып, күдіктілер травматикалық тапаншамен атып кетті. Басынан жарақат алған азамат әлі күнге дейін денсаулығы қалпына келмегенін алға тартады. Бұл шабуылды сол кезде бизнесіне көз салғандармен байланыстырды. Қылмысты орындаған үш адам 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал Мұқажановты өлтіруге тапсырыс берді деген Ерлан Анарбекке халықаралық іздеу жарияланды. Ол жеті жылдан бері ұстатапай келеді. Енді соңғы соттың шешімі бойынша айыптылар «бұзақылық» бабыбен жазасын өтеген болып саналып бостандыққа шығады. Сотта соңғы сөзін сөйлеген сотталушылар Мұқажановтың өзінен кешірім сұрады. Ал «қайта қастандық жасалуы мүмкін» деп өміріне алаңдаған кәсіпкер жақын арада әділдікті Жоғарғы соттан іздемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде