{metadescription}
Теңге рубльге қатысты әлсіреп барады
Теңге рубльге қатысты әлсіреп барады

Теңге рубльге қатысты әлсіреп барады

Төл валютамыз рубльге қатысты әлсіреп барады. Ақша айырбастау орындарында Ресей ақшасы шамамен 6 теңгеден сатылып жатыр. Себебі: соңғы кездері рубльге сұраныс едәуір артқан.

Ұлттық банктегілер рубльдің қымбаттауын Ресейден импортталатын тауар көлемінің өсуімен байланыстырады. Қазір солтүстіктегі көршілеріміздің импорттағы үлесі 40 пайыздан асып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6,3 пайызға жоғары. KASE-дегі теңге-рубль жұбымен жасалатын биржалық сауда-саттық көлемі де артқан. Осының бәрі теңгенің рубльге қатысты әлсіреуіне әкеліпті. «Төл валютамыздың Ресей ақшасына қатысты бағамы бұдан әрі де нарықтағы жағдайларға байланысты қалыптасады», - дейді Бас банк өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде