{metadescription}
Серік Сәпиев және Бақыт Ахметов қызметінен кетті
Серік Сәпиев және Бақыт Ахметов қызметінен кетті

Серік Сәпиев және Бақыт Ахметов қызметінен кетті

Бүгіннен бастап Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы емес. Бұл лауазымға 2019 жылдың 30-қаңтарында тағайындалған олимпиада чемпионы қызметінен өз еркімен кетті делінген ресми ақпаратта.

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері де қызмет орнын босатты. Бақыт Ахметовті шеттету туралы шешім зілтеміршілердің шағымынан кейін қабылданған. Бұл туралы бүгін Ауыр атлетитка федерациясы мәлімдеді.

Мәдениет және спорт министрімен кеңесіп, шағым негізінде қорытынды шығарғаннан кейін федерация осындай қадамға барыпты. Осыған дейін ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов та жұмыстан шеттетілген еді. Өзіне қол салған ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін спортшылар жүйедегі кемшіліктерді жіпке тізіп шағымдарын айтты. Өз кезегінде федерация салада өзгеріс енгізуге ниеті іспеттес.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы:

- Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп алдағы ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген өлшемшарт негізінде жүргізуге ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде