{metadescription}
QazCoVac –P клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті
QazCoVac –P клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті

QazCoVac –P клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті

QazCoVac -P вакцинасын өндірушілер клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті. Короновирусқа қарсы препарат Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында дайындалуда. Зерттеу жұмысы маусымда басталған. 

Ғылыми-зерттеу институтында QazCoVac –P вакцинасымен қоса, тағы векторлық екі вакцина және әлсіздендірілген тірі микроағзалардан алынған нұсқасы да әзірленіп жатыр. "Дельта" штамның негізінде осындай әдіспен дайындалған модификацияланған екпе дайын тұр. Ғалымдар бұл препараттарды жануарларға сынап көрген. Қазір вакциналардың сақталу мерзімі тексерілуде. Сынақ сәтті өтсе, қорытындысы лицензиясы бар әлемдік ғылыми журналдарда жариялануы тиіс.

Қолданыста бар QazVaс -тың  1 миллион жеті жүз мың дозасы пайдаланылса, жыл соңына дейін 1 миллион үш жүз мың дозасын өндіру жоспарда  бар.

Нұрика Асанжанова, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

- Қазір отандық өнімнің үшінші кезеңі бойынша клиникалық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Вакцина «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау» Ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр. Әзірге оның нәтижесі дайын емес. Қорытынды есеп нәтижесі оң болса, отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар әлемнің жетекші басылымдарында жарық көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.