{metadescription}
Еліміздің қай өңірінде нан қымбат?  
Еліміздің қай өңірінде нан қымбат?  

Еліміздің қай өңірінде нан қымбат?  

Елімізде ең қымбат нан Нұр-Сұлтанда сатылады. Елордамызда жыл басынан бері ас атасының құны 12 пайызға өскен. Нан қымбаттаған аймақтардың алғашқы үштігінде астықтың өңірлер саналатын - Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары тұр.

Бұл өңірлерде баға 9 пайызға дейін көтеріліпті.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Шымкент қаласы, Ақтөбе мен Маңғыстау облысында баға айтарлықтай өспеген. Алайда Қазақстандабір жыл ішінде нанның орташа құны 6 пайызға шарықтағаны есімізде. Жекелей алғанда қара нан 9, ақ нан 7 және бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 5 пайызға қымбаттаған.

Бағаның қаншалықты әсері бар екені белігісіз, десе де сарапшылар қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда нанды аз тұтынғанын айтады. Сонымен қатар елімізде наубайханадағы өндіріс көлемі де азайыпты. Соңғы сегіз айда 352,9 мың тонна нан пісірілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 17 пайызға кем.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.