{metadescription}
13 жылдан кейін қызғаныштан қылқындырып өлтіргенін мойындады – ШҚО
13 жылдан кейін қызғаныштан қылқындырып өлтіргенін мойындады – ШҚО

13 жылдан кейін қызғаныштан қылқындырып өлтіргенін мойындады – ШҚО

13 жылдан кейін ашылған қылмыс. Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы келіншекті буындырып өлтірген күдікті ұсталды. Полицейлер 51 жастағы азаматшаны Риддер қаласында қолға түсірген.

Ауыр қылмыс 2008 жылдың сәуір айында болған. Аягөз - Қарағанды тас жолының бойынан 35 жастағы келіншектің мәйіті табылған. Бірақ күдікті сол күйі ұстатпай кеткен. Араға 13 жыл салып осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Тіпті марқұмды пальтоның белбеуімен буындырып өлтіргенін де айтып беріпті. Мұндай ауыр қылмысқа баруына қызғаныш себеп болған екен.

Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы:

- Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Егер ол кінәлі деп танылса, оған 20 жылға дейін жаза немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде