{metadescription}
250 мыңға тарта оқушы үш ауысымда оқып жатыр
250 мыңға тарта оқушы үш ауысымда оқып жатыр

250 мыңға тарта оқушы үш ауысымда оқып жатыр

Бала көп, орын жоқ. Елімізде 250 мыңға тарта оқушы үш ауысымда оқуға мәжбүр. Бұл жалпы оқушылардың екі пайызын құрайды. Талап бойынша қазір бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Бүгінгі күнгі нормативке сай, әр сыныпта 25 оқушы болуға тиіс. 25-тен артық болса – бұзушылық. Оқушы сыймайтын мектеп болса, ол жерде әр мектептің шешімімен кейбір пәнді, кейбір сағатты онлайн форматқа ауыстырылады.   

Оқушылары сыймай жатқан білім ордалары, әсіресе Маңғыстау облысы мен Алматы және Шымкент қалаларында көп. Жауапты министрлік өкілдері үш ауысымды мектеп мәселесін жою үшін құрылыс қарқынын күшейтіп жатқанын айтады.

Кыркүйектен бастап партаға оралған оқушылар жуырда бірінші тоқсанды аяқтайды. Ұл-қыздар 1-7 қараша аралығында күзгі демалыста болады. Қазір мектептерде қорытынды бағалау жүргізіліп жатыр. Дәстүрлі оқу форматына оралудың білім сапасына қалай әсер еткені содан кейін белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде