{metadescription}
Үкімет тағы Ұлттық қорға қол салды – Үш жылдық бюджет
Үкімет тағы Ұлттық қорға қол салды – Үш жылдық бюджет

Үкімет тағы Ұлттық қорға қол салды – Үш жылдық бюджет

Қазақстандық шенеуніктер Ұлттық қорға тағы қол салды. Алты триллион алты жүз миллиард теңге республикалық бюджеттің бүйірін томпайтты. Ұлттық экономика министрінің сөзінше, сары майдай сақтап отырған қорсыз елге қиын.

Қомақты қаржының қайда нақты жұмсалатынын үкіметтегілер Мәжілісте тізіп берді. Қаражаттың көп бөлігі әлеуметтік мәселелерге бағытталады.  Алайда төменгі палата депутаттарына бұл бастама ұнаған жоқ. Өйткені Ұлттық қордың шығыны көп, түсімі үш есеге азайып барады. Осы үшін халық қалаулылары тіпті министрлердің қолын шабу керек деп қадап айтты. КТК тілшісі үшжылдық бюджеттің қай мақсатта бағытталатынын біліп келді.

 Бір жарым жыл бойы депутаттар мен шенеуніктер қауіпті індетті сылтауратып бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне отырыстарды онлайн қарауға мүмкіндік берген еді. Бүгін коронавирустың арқасында Мәжіліске кіргізілмеген журналистерге есік қайта ашылды. Сәрсенбінің таңында отырыс басталардан бұрын саяси элита тілшілерге қуанғандай кейіп танытты.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Шынымды айтсам, бүгін сіздерді көргеніме қуаныштымын. Өйткені журналистермен араласуды да сағынып қалдық.

Төрт көзі түгел жиналған Министрлер кабинеті мәжілісмендерден тағы да Ұлттық қорға қол салуға рұқсат беруді сұрай келіпті. Үш жылдағы барлық шығынға мұнай бағасы барреліне 60 доллар арқау болыпты. Ал бір доллар 425 теңгемен есептелген.  Бірақ қара алтынның құны мен доллардың күнде құбылып жатқанын ескерсек, бюджет жобасының алдағы уақытта тағы да өзгеретін түрі бар. Инфляция жоспарлаған барлық дәлізден асып, қыркүйекте 9 пайызға жетті. Оған Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасының қарқынды өсуін кінәләді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Азық-түлік бағасының өсуі негізгі инфляцияның өсуіне қарсы фактор болды. Ол жартысынан көп үлес қосып отыр. 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, инфляцияның бұдан кейін төмендеуі және 2023-2024 жылдары 4-5 пайыз және 2025-2026 жылдары 3-4 пайыз деңгейінде тұрақталады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде