{metadescription}
Қарағандыда полицейлік жол апатын жасап, емшектегі баланы өлтірді
Қарағандыда полицейлік жол апатын жасап, емшектегі баланы өлтірді

Қарағандыда полицейлік жол апатын жасап, емшектегі баланы өлтірді

Полиция қызметкерінің көлігі Қарағандыда полиция қызметкері жасаған жол көлік апатынан зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағандыда полиция қызметкері жасаған жол көлік апатынан зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оның емшектегі баласы оқиға орнында жан тапсырған. 

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп «ВАЗ» көлігін бүйірден соққан «Мерседестің» рөлінде 37 жастағы тәртіп сақшысы отырған. Полиция департаменті оның лауазымы мен шенін айтудан бас тартып отыр. «ВАЗ» көлігіндегі 29 және 27 жастағы ерлі зайыптылар қазір ауруханада. Әйелдің жағдайы өте нашар. Жамбасы мен қабырғалары сынып, миына зақым келіпті. Оның бір жастағы ұлы апат орнында тілге келмей кеткен. Полиция басшылығы өз қызметкерін қамауға алып, тергеу жан-жақты әрі әділ жүргізіледі деп сендірді. 

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Қарағанды облысы полиция департаменті қаза болған нәрестенің жақындары мен туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде