{metadescription}
Елімізде жедел цифрлық трансформация дамытылады
Елімізде жедел цифрлық трансформация дамытылады

Елімізде жедел цифрлық трансформация дамытылады

Елде жедел цифрлық трансформацияны дамыту қолға алынады. Бүгін сала өкілдері  елордада өткен Open Mind ашық инновациялардың онлайн форумында осындай шешімге келді. Мамандар аталған бағытқа басымдық беруді коронавирус пандемиясымен байланыстырады.

Өйткені эпидахуал өршіген шақта халық тарапынан цифрлық процестерге негізделген онлайн қызметтерге сұраныс артқан. Осыған сәйкес, GovTech және DigitEl сынды жаһандық IT бағдарламаларын жіті меңгере отырып, электронды сауда тетіктерін жандандыра түсу, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды одан әрі реттеу керектігі көзделіп отыр.

Нұрсұлтан Назарабаев қорының бастамасымен іске асып отырған онлайн форумда цифрлық сервистерді әзірлеушілер мен IT-компанияларының басшылары өз ойларын ортаға салып, отандық стартаптардың шетелдік нарыққа шығуын, ІТ-аутсорсингті дамыту мәселелерін талқылады. Олар ашық инновация тетігін ілгерілетпей, кез келген елде цифрлық экожүйенің тиімді дамуын елестету мүмкін емес дейді. Оның үстіне сандық жүйенің адам өміріндегі маңыздылығы пандемия кезінде айқын байқалған. Яғни карантинде төрт қабырғаға қамалған халықтың 90 пайызына электронды онлайн сауда қолжетімділік сыйлады. Десе де кибер қауіпсіздік немесе азаматтардың жеке деректерін қорғау түбегейлі қолға алынбады. Сөйтіп электрондық коммуникация саласындағы сансыз алаяқтық фактілері мұның қаншалықты өзекті екенін көрсетті. Енді мамандар бұл олқылықтың да алдыналмақшы.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Біз карантин шектеулері цифрландыру үрдісінің тез дамуына катализатор болғанына куә болдық. Кез келген дағдарыс секілді пандемия да адамзатқа сын-қатерді ғана емес, жаңа мүмкіндік те ұсынды. Ашық инновациялар форматы жеделдетілген цифрлық трансформация  сияқты өзекті трендке айналды. Цифрландыру мен ашық инновациялар саласында белгілі қауіп-қатерлер де бар екенін түсінеміз. Десе де біз мұның алдын аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде