{metadescription}
Өскемен : Жұрт 12 қабатты жаңа үйге екі ай бойы кіре алмай жүр
Өскемен : Жұрт 12 қабатты жаңа үйге екі ай бойы кіре алмай жүр

Өскемен : Жұрт 12 қабатты жаңа үйге екі ай бойы кіре алмай жүр

Өскеменде ипотекаға пәтер алған тұрғындар шу шығарды. Жаңа бой көтерген 12 қабатты үйден баспаналы болған жұрт екі айдан бері пәтеріне қоныстана алмай жүр.

Себебі: су жаңа үйдің ішкі әрлеу жұмыстарында кемшілік көп. Сондықтан олар пайдалануға дайын емес үйдің кілтін саудаға салған компанияның әрекетін түсінбей дал. Ал құрылыс жүргізген мердігер олқылықтардың орнын толтырамыз деп ақталды.

Ипотекаға су жаңа үй алған тұрғындардың қуанышы көпке созылмады.12 қабатты ғимарат салынып біткенімен, пәтер ішінде кемшілік көп. Соның салдарынан жұрт екі айдан бері баспанасына қоныстана алмай жүр.

Ратхум Мұхаметжанов бір бөлмелі пәтер сатып алған. Алайда кілті қолына тигенімен, әлі күнге дейін отбасымен пәтер жалдауға мәжбүр.

Ратхум Мұхаметжанов, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Екі балам бар.  Біз жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз. Соған ақша төлейміз. Ал мынаны ипотекаға алғанбыз. Ипотекаға айына 80 мың төлейміз.

Қазір армандаған пәтерінің кілтін алғандар қолданысқа дайын емес үйді не үшін берді деп ашулы.

Бақыт Жақсылықов, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Ұсақ-түйек кемшілік, жылу батареясы бос жатыр, дұрыс орнатылмаған.  Еден дұрыс емес. Түсқағаз дұрыс жапсырылмаған, жыртылған. Дәнекер  жүргізілген құбырлар дұрыс боямаған. Балконның есік-терезесі не ашылмайды, не жабылмайды.

Дегенмен құрлыс компаниясы  тұрғындар «түймедейді түйедей қылды» деп отыр. Айтуларынша, жұрт тізбектеген бұл кемшіліктер шулайтындай мәселе емес екен. Өйткені кем-кетікті жамап-жасқау «бар болғаны екі апталық жұмыс» дейді.

Дәмір Қалижанов, құрлыс компаниясының өкілі:

- Иә, кемшіліктер бар. Біз тұрғындардың өтінішін қарадық. Барлығы ұсақ- түйек жұмыс. Мысалға, кейбір пәтерлердің әйнектері шытынап кеткен. Баспаналардағы осындай  кемшіліктерді екі аптада қалпына келтіретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде