{metadescription}
Қарағандыда ХҚКО-на келген тұрғын қызметкерлермен жаға жыртысты
Қарағандыда ХҚКО-на келген тұрғын қызметкерлермен жаға жыртысты

Қарағандыда ХҚКО-на келген тұрғын қызметкерлермен жаға жыртысты

Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық» жүйесін қолданудан бас тартқан тұрғын мекеме қызметкерлерімен жаға жыртысуға дейін барды. Текетірестен кейін ол іле-шала полицияға арызданған.

Ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы орталықтағы жанжалға қатысты қызметтік тексеріс бастады.

«Таяқ жедім» деп байбалам салған жігіт оқиғаны таспаға түсіріп жүр. Айтуынша, өзі мен мүгедек шешесіне орталықтағылар қол жұмсаған. Соның салдарынан дімкәс анасына жедел жәрдем шақыртуға да тура келіпті. Орталық мамандарының айтуынша, даудың басы осы тұрғын тапсырыс берген анықтамадан басталған. Олар 25-тамызда дайын болған құжатын бір жарым айдан кейін алуға келіпті. Алайда ереже бойынша анықтама 1 ай ішінде алынбаса, мұрағатқа кетеді екен. «Сол қағазды тауып беріңдер» деп қиғылық салған ол қызметкерлерді балағаттапты. Кейін «Ашық» жүйесін қолданудан бас тартып, ақыры жанжалға ұласқан. «Қызметкерлерден құқай көрдім» деген азамат полцияға арызданған. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы да ішкі тексерісін бастады.

Бақтияр Мұхамедқалиев  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызмет көрсету жөніндегі директоры:

- Қазір оқиғаны арнайы комиссия бүге-шігесіне дейін тексеріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша шара қолданамыз. Ал компания тарапынан жанжалға қатысқан орталық қызметкерін жақтап, қолдау білдіруден аулақпыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.