{metadescription}
Өскемен: Сәбиімен бірге көз жұмған әйелдің туыстары шу шығарды
Өскемен: Сәбиімен бірге көз жұмған әйелдің туыстары шу шығарды

Өскемен: Сәбиімен бірге көз жұмған әйелдің туыстары шу шығарды

Ота үстінде опат болды. Өскеменде ана мен бала орталығында шақалағымен бірге көз жұмған әйелдің туыстары шу шығарды. Қара жамылған отбасы 37 жастағы Айжан Мержақыпованың аяқ аясты өліп қалғанының себебін білмей дал.

Айтуларынша, дәрігерлер келіншектің жақындарына оны айтудан бас тартып, мәйітке жасалған сараптама қорытындысын да бермей қойған.

Айжан Мержақыпова қайтыс болардан үш күн бұрын ғана Өскемендегі ана мен бала орталығына  жатқызылған. Алайда келіншек босана алмай көз жұмды дегенге туыстары сенбейді. «Жүктілігі де қалыпты өтті», - дейді күйеуі. Айы-күні жеткен келіншек осыған дейін екі перзентін де өзі босаныпты.

Қанат Мержақыпов, марқұмның жұбайы:

- Қабір басында жерлеп болған соң ант бердім. Мен одан қайтпаймын. Қалған өмірім сотпен өтсе де, жазамын. Тоқетерін білмей тыным таппаймын. Мен де, келіншегімнің аруағы да тыным таппайды. Мен сөйтіп ойлаймын.

Айжан жүктіліктің 41-ші аптасында болған. Ол босанар кезде «жанымда бол» деп сіңілісін шақыртыпты. Ол әпкесінің толғақ қысқанда қатты қиналғанын айтады. Тіпті кесір тілігімен босандырсыншы деп дәрігерлерге өтінген.

Әсем Иманқұлова, Марқұмның сіңілісі:

- Соңғы айтқаны: «Мені құтқар, шамаң жетсе, отаға жібергізші, бірдеңе істеңдерші, менің шамам кетіп қалды» деп өзі айтты.

«Егер дәрігерлер дер кезінде кесір тілігімен босандырғанда аман қалар еді» -  дейді жақындары. Сөздерінше, қиналған мезетте келіншектің қан қысымы жоғарылап кеткен. Ақыры ана мен бала ота жасап жатқанда көз жұмды. Қара жамылған отбасы олардың ажал құшқанына нақты не себеп болғанын білмей дал. Олар марқұмды жер қойнына тапсырғанымен, мәйітке жасалған сараптама қағазын ала алмай жүр. Ал ақ халаттылар әйел мен шақалақтың өмірін сақтап қалу үшін қаладағы білікті мамандардың барлығы жұмылдырылды дейді.

Марат Көксегенов, Өскемен қаласының бас гинекологы:

Он бесі күні босануға дайындалды. Ал 16-сы күні босану бөлмесіне ауыстырылды. Алайда жағдайы нашарлап кетті. Қан қысымы көтерілді. Су тапшылығы диагнозы қойылды. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сот медициналық сараптамасы шыққан бойда арнайы комиссия құрылып, өлімнің себебін зерттейді. Сонымен қатар дәрігерлерді кінәлаған марқұмның туыстары құзырлы органдарға шағым түсірді. Ал шақалағымен бірге қаза тапқан келіншектің артында екі перзенті қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде