Атырау облысында жекеменшік балабақшалар субсидиясыз қалған
Атырауда жекеменшік балабақша қызметкерлері облыстық әкімдік алдында шу шығарды. Бірнеше жылдан бері субсидияға жарымай жүргендердің дені кәсібін жауып үлгерген. Тіпті кейбірі қоластындағы қызметкерлерге еңбекақы төлей алмай қарызға батқан.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
21.10.2021
Әлия Мерекова, Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілі:
- Егер осыдан ақша бөлмесе, бәрі 2023 жылға қалады. Тағы да қол қусырып отырамыз. Онсыз да балабақшаның біразы жабылды, банкрот. «Балғандырдың болашағына алаңдаймыз» деп жар саламыз, бірақ үкімет субсидия беруге асығар емес. Осының шешімі тез арада реттелсе деген өтініш біздерде.
Дәл қазір Атырау облысындағы 50-ден астам жекеменшік балабақша субсидия ала алмай отыр. Ай сайын әр балаға тиесілі 42 000 теңгені көрмегендеріне екі жылдан асқан. Балабақша құнын көтерейін десе, ата-аналар наразы. Ал білім басқармасы конкурстың басталғанын өзіміз де асыға күтіп отырмыз деп ақталды.
Фаруза Шаңгереева, Атырау қаласы білім беру бөлімінің басшысы:
- Заңды жолы – комиссия құру. Комиссия құрылғаннан кейін конкурс ашылу керек. Конкурс ашылғаннан кейін барып, мемлекеттік тапсырысты орналастыру деген болады. Біздің бәріміздің күтіп отырғанымыз – сол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!