{metadescription}
Жалға көлік алған қыз бен жігіт жол апатынан мерт болды
Жалға көлік алған қыз бен жігіт жол апатынан мерт болды

Жалға көлік алған қыз бен жігіт жол апатынан мерт болды

Жалға алған көлікпен жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты. Каршеринг бойынша машинаны жалға алған қыз бен жігіт қатты жылдамдықпен келіп жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

Қайғылы оқиға түнгі сағат бір шамасында Алматы -Талғар тас жолында болған. Қатты соққыдан каршеринг көлігінің оң жақ бөлігі жапырылып қалған. Темір арасына қыстырылып қалған 17 жастағы қызды шығару үшін құтқарушылар әуре-сарсаңға түскен. Бірақ бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сау-тамтығы қалмаған Volkswagen polo-ны тізгіндеген 21 жастағы жігіт те ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жан тапсырды. Ал жеңіл көлік соғылған «Газ 53» көлігінің ішінде адам болмапты. Қазір полиция тиісті сараптама тағайындап, жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде