Министр 5-сынып оқушысы қайтыс болған мектепті тексерді
Түркістан мектебінде таяқ жеп қайтыс болған 5-сынып оқушыға қатысты білім министрі пікір білдірді. Асхат Аймағамбетов адам шошырлық оқиғадан кейін мектепті тексеріпті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
21.10.2021
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Біздің әріптестеріміз, Балаларды қорғау комитетінің төрағасы мен менің балалар құқын қорғау жөніндегі кеңесшім сол оқиғадан кейін бірден Түркістан облысына барып мектеппен танысты. Жағдайды толық бағамдадық, сараптап, зерттеу жүргіздік. Қазір аталмыш іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Соның ішінде сот-медициналық сараптамасы алынды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылдайтын боламыз. Әрине, бұл өте ауыр қайғы.
Еліміздің бас ұстазы оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатқандықтан, әліптің артын бағуды сұрап отыр. Алайда Аймағамбетов әлімжеттіктен кейін көз жұмған бала оқыған №18 мектептің тәрбие және білім беру процесінде кемшіліктер бар екенін айтып қалды.
Өткен аптада Түркістанда мектеп дәретханасында 5-сынып оқушысы соққыға жығылып, кейін алған жарақатынан қайтыс болған. 10 жасар немересінен айырылған Гүлнар Маханова балаға бас-көз бола алмаған мектеп басшылығын шетінен тексеруді талап еткен еді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!