{metadescription}
Рязань: Өрттен 17 адам қаза тауып, жалғыз куәгер де көз жұмды
Рязань: Өрттен 17 адам қаза тауып, жалғыз куәгер де көз жұмды

Рязань: Өрттен 17 адам қаза тауып, жалғыз куәгер де көз жұмды

Ресейдің Рязань облысында оқ-дәрі шығаратын зауыттағы өрттен қаза тапқандардың саны 17 адамға жетті. «Эластик» зауытында бір ауысымда қызмет еткен жұмысшылардың бәрі  көз жұмған. Олардың арасында тірі қалған жалғыз куәгердің өзі санаулы сағат бұрын ауруханада жан тапсырды.

Лесной ауылында орналасқан зауыттағы өрт жергілікті уақытпен таңғы 8-ден өте тұтанған. Бақандай 17 адамның өмірін жалмаған қызыл жалын өндірістік цехтағы жарылыстан басталыпты. Алғашында қаза тапқандар саны жөнінде түрлі ақпарат тараған. Соңғы мәліметтер бойынша сол сәтте кезекті ауысымда болған жұмысшылар түгел көз жұмған. Қазір жедел желіні іске қосқан төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қолдау көрсетіп жатыр. Рязань облысының биілігі де түрлі көмек көрсету жолын қарастыруда. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде