{metadescription}
Семей тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді
Семей тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді

Семей тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді

Семейде қала тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді. Олар басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп отыр. Азық-түліктің қымбаттап кеткенін алға тартқан коммуналдық қызметкерлер: «Айлығымыз ішіп-жемге де жетпейді» дейді.  

Өйткені аула сыпырып қоқыс тазалайтындар ай сайын небәрі 70 мың теңге алады.  Талабы орындалмаса, жұмысқа шығудан жаппай бас тартпақшы.  

- Басшылықпен келісе алмай жүрміз. Олар жалақымызды көтереміз деп уәде береді де, істемей отыр. Айлығымызды неге көтере алмайды?

Наразы 50-ден астам қызметкер ұлардай шулады. Олар басшылақтан маңдай тер ақысын екі есеге көтеруді талап етуде. Шаһар тазалығына жауапты жұмысшылардың айтуынша,  70 мың теңге жалақы бірнеше жылдан бері көбеймеген. «Есесіне азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр», - дейді жиналғандар.

Иван Васильев, жұмысшы:

- Қызметкерлердің көбі пәтер жалдап тұрып жатыр. Азық-түлік қымбат. Оның үстіне басымызда төлейтін несиеміз бар. Ал жалақымызды көтеретін ешкімде ой жоқ. 70 мың теңгені қайда жеткіземіз?

«Күннің ыстығы мен ызғарына да қарамай тынымсыз еңбек етеміз» дегендер талаптары орындалмаса, жаппай жұмысқа шығудан бас тартпақ. Ал тазалық мекемесінің басшысы жалақы дауының туындауына көрсетілетін қызмет құнының төмен болуынан  дейді. Яғни коммуналдық тариф 2015 жылдан бері өзгермеген. Соның салдарынан қызметкерлердің еңбекақысы да ұлғаймапты. 

Бекжан Қапышев, «Семей тазалық» ЖШС директоры:

Елімізде ең арзан тарифбізде. Бар болғаны адам басына 190 теңге. Қазір, расында, барлығы қымбаттап жатыр.  Жанармайдың құны көтерілді. Енді мен не істеймін? Автокөліктерге жанармай құямын ба? Әлде жалақыны көтеремін бе? Ал жұмысшыларды түсінемін, жұмысы ауыр. Тығырықтан шығу үшін тариф құнын өсіру керек.

Жұмысшылардың мардымсыз жалақысы мен тарифтың талай жылдан бері өспегенін атқамінерлер де растады. Сондықтан олар тығырықтан шығатын жолды «алдағы уақытта табамыз» деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.