Alma Green Fields 200-ге жуық адамның жалақысын бермей отыр
Айта-айта айлықты, жүрек біздің шайлықты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 200-ге жуық адам жалақысын ала алмай сенделіп жүр. Жаз бойы Таусүгір ауылындағы 250 га жерде алма баптап, күзде жеміс жинаған жұмысшылар төрт айдың еңбекақысын «Алма грин филдс компаниясы бермей отырғанына қапа.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.10.2021
Қайтерін білмей шырылдаған адамдар бүгін кезекті рет жалақы талап етуге жиналды. Ауданның атқамінерлері де осында жеткенмен, «жағдайды бақылауда ұстаймыздан» әрі аса алмай отыр.
Қуықтай бөлмені іштен кілттеп отырған фирма директоры лажсыз есігін ашты. Сырттан ентелеп кіргендер ашуға булыққан. Олай болмағанда ше? Төрт айдан бері «әне түседі, міне түседі» деген уәдемен айлығын алмағандар, ең болмаса жейтін азығымызды берсін деп ышқынады.
Джохарбек Зиямова:
- Онда осы Ғабит бере ме, Әлинұр бере ме, әкімшілік бере ме, онда бізге 100 мың теңгеден қарыз берсін, біз бір айлық азығымызды алып, мына жерде шуламай отыра тұрайық.
130 жұмысшы: «Alma Green Fields компаниясы орташа әрқайсына 400 мың теңгеден берешек» - дейді. Таусүгір ауылына олар қоңсылас елдімекендерден қатынап істеген. «Енді еткен еңбек еш кетпей ме» деп кіжінгендер жауапсыздықтың салдары қарызға батырып әуре-сарсаңға салғанын айтады.
Баймолдаш Көшербай:
- «Тоқ бала аш баланы ойламайды, аш бала тоқ баланы ойламайды» деп, «мінеки, ертең береміз» дейді, мақұл, «бүрсігүні береміз» – мақұл, үш-төрт ай бермей жатыр, енді беру керек қой алдамай! Арпаны алсаң ал, Құдай, бидайды қой, бидай қу жанды қинайды ғой, осы ғой, бізді қинап жатқаны.
Серік Зияда:
- «Ақша жоқ деп біріне-бірі сілтейді. Біз Алматыда кеңсесіне дейін бардық. Бүкіл жұмысшы жиналып бардық, ол жерден де шығарып салды, алдап-сулап. Осы жаққа келіп шақырттық, осы жерде де қол беріп кетті.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары да осында жүр. Нақтырақ айтсақ, компания өкілімен кеңсенің ішінде отырды. Тек тілшілер келгенде ғана
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!