{metadescription}
Алматыда жеңіл көлік ұшақтың астына кіріп кеткен   
Алматыда жеңіл көлік ұшақтың астына кіріп кеткен   

Алматыда жеңіл көлік ұшақтың астына кіріп кеткен   

Алматы әуежайында апат болды. Ұшу-қону жолағында жеңіл көлік әуе кемесінің қанатының астына кіріп кеткен.

Халықаралық Алматы әуежайында 14-інші тұрақ орнында әуе кемесі мен әуежай қызметтерінің бірінің автокөлігімен соқтығысқанын растады.

Нәйлә Жабағина, Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің басшысы:

- Ұшақ Fly Jet компаниясына тиесілі.

Оқиға бүгін таңғы сағат жетіге таман болған. Сол уақытта әуе кемесі Әзірбайжан астанасы Бакуден ұшып келген. Ұшақ бортында «Қайрат» футбол клубының спортшылары мен жаттықтырушылары болғаны айтылуда. Олар Әзірбайжанның «Қарабах» командасымен ойыннан қайтып келе жатқан.  Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір жол апатына қатысты әуе көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.