{metadescription}
Бес рет ота жасатқан жеті айлық Абдусаматқа көмек қажет
Бес рет ота жасатқан жеті айлық Абдусаматқа көмек қажет

Бес рет ота жасатқан жеті айлық Абдусаматқа көмек қажет

Туа салысымен бес рет ота жасатқан жеті айлық сәби көмекке мұқтаж. Дүниеге дімкәс боп келген нәрестеге шетелде операция жасатуға ата-анасы қаржылай көмек сұрап отыр. Кішкентай Абдусамат Исламбаев өңеш атрезиясы, асқазан-ішек жолдары ауруына шалдыққан. Бала өздігінен тамақ жұта алмайды. 

Сәбидің жұтқаны өкпесіне түсіп дем жетпей қалмас үшін сілекейі осылай мойын жағынан ағып тұрады. Соның салдарынан тамақты да тікелей асқазанға сағаттап шприцпен құюға мәжбүр. Үйіндегі дәрі-дәрмек пен құрылғылардың барлығы да кішкентай Абдусаматтікі. Нәресте туылғанда асқазан-ішек жолдарында алты сантиметр жетпей, баланың жеті айлығына дейін бірнеше рет ота жасалған. Алайда сәбидің анасы елімізде жасалған бес отаның пайдасынан гөрі зияны көп тигенін айтады. Сондықтан олар Түркияда емдетуге бекініп, 1,5 миллион теңге жинаған. Бірақәлі 23 мың доллар жетпейді. Баласының сауығып, қалыпты өмір сүргенін көргісі келген ананың бар үміті – қайырымды  жандарда.  Көмек қолын созам дегендер экранда көрсетілген номерлерге хабарласуға болады.

Анна Прокофьева, анасы:

- Мен бәріне дайын болдым. Бірақ бұған емес. Баламнан түрлі түтіктер шығып тұрды. Мойнынан түсініксіз ішек шығып тұрды. Арқасы да, бүткіл жері кесулі. Бізге: «бара беріңдер, тігістер өздігінен түседі» деп қайтарып жіберді. Бір ай күттік. Тігістер түспеді. Сүйтсек, оны өздері кесіп беру керек екен. Мен  бұған дейін бес ота жасаған жерге баруға дайын емеспін. Ол жақтан тірі шықпайды. Сол үшін шетелге барып емдетемін. Бірақ оған 23 мың доллар қажет. Балама көмек керек.

Анна Прокофьева, тел: +7 778 186 6154

Қазақстандықтарға: 4400 4301 9115 3730 Каспий банк

Сбербанк: 4263 4333 4903 0913

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде