Антальяда орман өртеді деген күдікпен 7 ресейлік тұтқындалды
Түркияның Анталья қаласында орманды өртеді деген күдікпен ресейлік жеті турист тұтқындалды. Олар тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.
Автор: Салтанат Шырынхан
25.10.2021
Өрт 23-қазанда Анталья қаласы маңындағы орманда тұтанған. Төтенше жағдай туралы ақпаратты жергілікті тұрғындар хабарлаған. Күдік сол маңда серуендеп жүрген ресейлік туристерге түседі. Жерігілкті тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл азаматтар кәуап пісіріп, шоғын сөндірмей кеткен. Осыны негізге алған жандармдар ресейлік демалушыларды бірден бөлімшеге әкетіпті.
Болған жағдайды Ресейдің бас консулдығы барынша назарда ұстап отыр. Кеше өткен алғашқы сот отырысында туристерге қорғаушы мен аудармашы қызметі тегін ұсынылды. Адвокаттар қанша дәйек келтірсе де, ресейліктер тергеу аяқталғанша абақтыда отыратын болды.
Түркияда екі күн бұрын болған алапат жалынды сөндіруге арнайы ұшақ және үш тікұшақ пен бес өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!