Жаңа Шүлбі ауылында қанды қылмыс болды – ШҚО
Арақ ішіп адам өлтірді. Шығыс Қазақстан облысында 59 жастағы бөтекелесін жер жастандырған жас жігіт ұсталды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.10.2021
Қанды қылмыс Жаңа Шүлбі ауылында болған. Алғашында екеуі бас қосып ішімдікке сылқия тойған соң, араларында жанжал туындапты. Ашуға буылыққан 19 жастағы жігіт бөтелкелесін күрекпен ұрып жығып, артынша бірнеше рет пышақтап, оқиға орнынан із суытқан. Алайда қаныпезер көп ұзамай ұсталып, кінәсін толық мойындады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Елеубек Оспанов, Семей қаласы ПБ баспасөз қызметінің басшысы:
- Адам өлтіру фактісімен, ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейін мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!