{metadescription}
Атыраудың қақ ортасында студент қыздар қырғын салды
Атыраудың қақ ортасында студент қыздар қырғын салды

Атыраудың қақ ортасында студент қыздар қырғын салды

Атырауда колледж студенттері шаш жұлысты. Сөзге келіп қалған қыздар қаланың қақ ортасында қырғын салған. Жұлысып жатқан аруларды құрбылары ажыратуға тырысқан. Бірақ бой бермеген қыздарды колледж ұстаздары зорға тоқтатыпты.  

Оқу ордасынан шыға сала жаға жыртысқан қыздар – Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері. Олардың не үшін жұлысқаны әзірге белгісіз. Бірақ ауыр жарақат алмаған. Есесіне шаш жұлынып, бет тырналыпты. Қазір қырғын салған үш қыздың ата-анасына хаттама толтырылып, іс ювеналды сотқа жолданды. Ал колледж әкімшілігі студенттер оқудан қуылуы мүмкін дейді.         

Назерке Қожабаева, Атырау бизнес және құқық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Бірінші курстың студенті. 2006 жылы туған. Кәмелетке толмаған студенттер арасында жеке басына қатысты сұрақ қойылған. Сол себептен туындаған мәселе. Одан кейін ИДН-ға тапсырылды. Дәл қазір сол кісілер айналысып жатыр. 16 жасқа толмаған студенттер болғаннан кейін, колледждің қарауында болады. Біз шешім шығарып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде