Тоқаев Ашхабадта жылқы мен құмай тазының иесі атанды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадтан ақалтеке мініп келетін болды. Президентке мұндай сыйды әріптесі Гурбанғұлы Бердімұхамедов жасады. Мемлекет басшысы қазір Түркіменстанда екі күндік мемлекеттік сапармен жүр. Алғашқы күні Тоқаев тек жылқының ғана емес, құмай тазының да иесі атанды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
25.10.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Керемет сыйлығыңыз үшін сізге алғысымды білдіремін. Бұл түрікмен жұрты тарапынан көрсетілген достық қарым-қатынастың бір белгісі деп білемін. Мен әрқайсысына жіті көңіл бөліп, бағып-қағатын боламын.
Асыл тұқымды ақалтеке мен түрікмен тазысын сыйға алмас бұрын мемлекет басшылары ресми бөлімге дейін шабандоздар өнерін тамашалады. Бердымұхамедовтің өзі жылқыларымен әуестенетінімен белгілі. Түрікмендік бұқаралық ақпарат құралдары көшбасшыларының әуестігін бірнеше рет көрсетіп те, жазып та жүр.
Ал келіссөздер барысында екі ел әріптестіктің дамуын сөз етті. Соңғы сегіз айда Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы арта түсті. Біздің ел бірінші кезекте ұн мен бидай жеткізуді 130 миллион долларға дейін арттыруға дайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!