Орал-Атырау бағытындағы жол апатында екі адам жанып кетті
Тас жолдағы трагедия. Орал-Атырау бағытында екі автокөлік бетпе-бет соғысып, екі адам оқиға орнында жанып кетті. Қайғылы жайт кеше кешкісін Ақжайық ауданындағы Атамекен ауылының жанында болған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
25.10.2021
Соқтығыстан кейінгі сәтті куәгерлер телефонға түсірген. Жалыны аспанған шапшыған көліктердің тек күлі қалғанға ұқсайды. Сағат сегіз шамасында жанған «Лада веста» мен «Лада приора» көліктері бір жарым сағаттан кейін бір-ақ толық өшкен. Марқұмдардан бөлек, салонда болған ерлі-зайыпты түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Ерлан Хәкімов, БҚО ПД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары:
- ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Заңды шешім қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!