{metadescription}
Коронавирус қарқыны күзде сәл бәсеңдеді
Коронавирус қарқыны күзде сәл бәсеңдеді

Коронавирус қарқыны күзде сәл бәсеңдеді

Елімізде ауру айылын жия бастады. Қауіптің ең жоғарғы деңгейінде төрт ай тұрған Алматы қаласы ақыры «сары» аймаққа ойысты. Қала билігі эпидахуалды жеті күн бақылап, содан кейін шектеу шараларын жеңілдетпек.

Бірақ мамандар арқаны кеңге салып босаңсуға әлі ерте деп отыр. Бір апта бұрын «жасыл» аймаққа өткен Ақтөбе облысында да карантин тәртібі жұмсарды.

Маусым айынан бері коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызылдың» құрсауынан шыға алмай тұрған Алматы қаласы ақыры «сары» аймаққа ойысты. Шаһарда індеттің таралуы саябырси бастағандай. Кешелі бері қалада 231 адам вирус жұқтырған. Бұл төрт айдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың да саны едәуір азайған. Қазір ауруханада 1205 адам ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте 18 жан жұқпалы дерттен құлан-таза айығып шыққан.

Санитар-дәрігерлер қуануға әлі ерте екенін айтады. Себебі, қаладағы эпидахуал әп-сәтте нашарлауы мүмкін. Мұны тәжірибе де талай мәрте көрсеткен. Мамандар жағдайды бір апта бақылау аса маңызды деп отыр. Сондықтан барлық мекеме бұрыңғыдай «қызыл» аймақтың карантин тәртібімен жұмыс істей береді. Ал шектеу шаралары жеңілдетілген жаңа қаулы тек 1-қарашадан бастап күшіне енеді.

Сәдуақас Байғабұлов, Алматы қаласы санитария –эпидемиологияны бақылау департаменті бастығының орынбасары:

- 1-қарашадан бастап Ashyq жүйесімен істейтін бизнес нысандарының жұмыс уақыты бір сағатқа ұзарады. Сондай-ақ қызмет көрсету нысандары  мен концерт, театр, кинтотеатрға келушілердің санын 40 пайызға көбейтуге мүмкіндік туады. Спорттық және мерекелік шаралар да орын санын 10 немесе 20 пайызға арттыра алады. Бірақ мекемеге адамдар бұрыңғыдай тек «жасыл» мәртебемен ғана кіруге рұқсат етіледі.

Жеті күн бұрын «жасыл» аймаққа өткен Ақтөбе облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары жеңілдетілді. Бірақ аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтарлықтай өзгеріс жоқ. «Ашық» жобасына қатысатындарға бұрыннан еркіндік берілген. Жаңа құжатқа сәйкес, осы жүйемен жұмыс істейтін мейрамханалар енді таңға дейін сауық-сайран құра алады. Ал аула ішінде той-томалақ жасап, садақа беруге түбегейлі тыйым салынған.

Гүлбану Үмбетова, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиялогияны бақылау департаменті басшысының м.а:

Әртүрлі мерекелік іс-шаларды өткізуге болады. Жаңағы форумдар, ойын-сауық, мерекелік іс-шалар барлығы өткізуге болады. Адам көп жиналған мерекелік шара өткізуге болады, 50 пайыз толымдылығымен. 100 орынға дейін. Бірақ та міндетті түрде «жасыл» мәртебе болу керек.

Дегенмен елде қауіптің ең жоғарғы деңгейінен әлі де шыға алмай отырған аймақтар жетерлік. Ол: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймаққа Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары ойысса, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Қазақстанда соңғы тәулікте 1573 адам коронавирустың құрығына іліксе, 20 науқас індетті жеңе алмай көз жұмған. Қос өкпесі қабынып ауруханаға түскендер кешелі бері тағы 27 адамға толықты. Денсаулық сақтау министрлігі жазбен салыстырғанда қауіпті кеселдің қарқыны күзде бәсеңдегенін жеткізді. Мұны жауапты мамандар жұрттың жаппай екпе салдыруымен байланыстырады. Елде вирусқа қарсы толық вакцина алғандар 8 миллион адамға жуықтаған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде