БҚО: Полицейлер бес қапшық қарудың көзін жойды
Батыс Қазақстан облысында полицейлер бес қапшық қарудың көзін жойды. Жүзден аса мылтық пен тапаншанының жартысын тұрғындар өз еркімен тапсырған. Қалғаны қандықол қылмыскерлерді ұстау кезінде тәркіленіпті. Көбінің заңды құжаты жоқ болып шыққан.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
26.10.2021
Кеше ғана жұршылықтың қолында жүрген қару-жарақ арматура зауытында балқытылды. Темір шарға айналған суық қарулар енді бейбіт мақсаттағы өндіріс қажеттілігіне пайдаланылмақ. Бір қызығы, әр тоқсан сайын екі жүзге жуық қару пешке жіберіледі екен. Бірнеше жылдан бері полиция халықтан қару қабылдау шарасын өткізіп келеді. Биыл қаруын өз еркімен тапсырған облыс тұрғындарына 2 миллион теңге қаржы төлеген.
Армат Сағитов, БҚО ПД тыл қамту басқармасының аға инспекторы:
- Шойын-балқыту пештерінде санаулы минутта 109 бірлік тегіс ұңғылы және өзге де қару балқытылды. Қаруды пешке жібермес бұрын комиссия салыстыру жүргізгеннен кейін тек қару-жарақ қаптарын ғана балқыттық. Осындай іс-шараларды полиция департаменті тоқсан сайын өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!