{metadescription}
Қарақұдықта жол құрылысының басталмай жатып тоқтап қалғанына наразы
Қарақұдықта жол құрылысының басталмай жатып тоқтап қалғанына наразы

Қарақұдықта жол құрылысының басталмай жатып тоқтап қалғанына наразы

Ақтөбе облысындағы Қарақұдық ауылының тұрғындары жол құрылысының басталмай жатып тұралап қалғанына наразы. Айналдырған сегіз шақырым жолдың ескі асфальтын екі ай бұрын қопарып тастаған. Одан соң ешқандай жұмыс жүргізілмепті.

Енді қар жауса, ауылмен қатынас тоқтап қалады деп алаңдайды. Ал шенеуніктер қар түскенше жолды  тегістеп береміз деп уәде етуде.

Алға ауданына қарасты Қарақұдық ауылына апаратын жолдың сиқы жаман. Осыдан бірер ай бұрын жолшылар асфальт жабындысын осылай қопарып тастаған. Содан бері көлік қатынасы қиындаған. Қар жауса, ауылдан мүлдем шыға алмай қаламыз деп алаңдап отыр.

Қарақұдықпен республикалық трассаның арасы сегіз шақырым. Осы аралықтағы жолды жөндеуге қазынадан 150 миллион теңге бөлініпті. Тендерді ұтқандар тамызда төбе көрсеткенімен, жолды қопарған соң жоқ болған.

Бақыткерек Мұқанов, Қарақұдық ауылының тұрғыны:

- Көктемнен бастау керек еді. Әне тендер ұтып жатыр, міне тендер ұтып жатыр. Енді ұтқан тендерлері мынау. Техникалары жоқ дұрыс. Істелмей жатыр ғой. Тек құр уәде береді.

Қарақұдық тұрғындарының көпшілігі отыз шақырым жердегі Ақтөбеге қатынап жұмыс істейді. Әзірге қопарылған ескі асфальттың жанындағы қара жол көлік қатынасына жарап тұр. «Егер кішкене жауын жауса, ми батпаққа батамыз», - дейді.

Құлназар Сапақов, Қарақұдық ауылының тұрғыны:    

- Биыл шамалы қуанышты жаңалық келіп, бастап еді, енді ана жолымыздың түрі анау – бәрін қазып, қопарып тастады. Мердігерлер кетті. Білмеймін, қыста қалай жүретінімізді. Қар басса бітті. Жанымен, ішкерімен жүреміз. Ертең жаңбыр жауса, ана машина деген жанына құлайды. Жүре алмайды. Қар басса тіптен жолсыз қаламыз.  

Шенеуніктер ауылдағыларды еш алаңдамаңдар деп сабырға шақыруда. Жөндеу жұмысы биыл басталып, келер жылы аяқталуы тиіс екен. Қар түскенше жолды уақытша тегістеп береміз деп отыр.

Қуандық Үсенғали, Алға ауданы ТҮКШ және автокөлік жолдары бөлімі басшысы:

- Осы жолды дайындап қоямыз. Осы жолмен қатынайды. Қазір ортаға бәрін жинап қойдық та, екі жағында жүретін жері бар. Тұра-тұршы. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қарашаның соңына дейін толық бітіріледі.

Жоба бойынша мердігер компания жолдың табанын биыл нығыздауға тиіс. Асфальтты келер жазда төсейді. Сол кезде ғана жұмыстарының сапасына баға бере аламыз дейді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде