{metadescription}
СҚО: денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шықты
СҚО: денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шықты

СҚО: денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шықты

Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шықты. Қабдрахман Сақтағанов пара алып жатқан жерінен ұсталған. Ал оған ақшаны Петропавлдағы жеке емханалардың бірінің директоры беріпті. Параны әйел өзінің емдеу мекемесіндегі жас мамандарға материалдық жәрдем алуға ұсыныпты.

Айыпталушылар қатарында экс-басшымен қоса параны берген жеке емхананың директоры да бар. Айнагүл Қарабаева басшылық ететін медициналық мекемеге жолдамамен үш бірдей жас дәрігер жіберілген екен. Бірақ оларға қосымша материалдық қолдау қарастырылмаған. Сондықтан Қарабаева денсаулық сақтау басқармасының басшысынан бұл мәселені облыс мәслихаты деңгейінде шешуге қол ұшын созуды сұраған. Қабдрахман Сақтағанов көмектесуге уәде етеді. Осыдан соң әйел оған 200 мың теңге әкеліп берген. Ақыр соңында екеуі де ірі көлемде айыппұл арқалады. Яғни Сақтағанов 6 миллион теңгеге тарта, ал пара беруші 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Асылбек Қоңыратов, прокурор:

- Жұмыс папкасының арасына 200 мың теңгесі бар конвертті салып берген. Әрі бұл туралы ескерткен. Бірақ Сақтағанов заңсыз әрекетті тоқтатуға тырыспапты. Керісінше, әйел шығып кеткеннен кейін қызығушылық танытып конверттің ішіндегі ақшаны санап алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде