{metadescription}
Көкшетауда 40 шақты дәрігер жұмыстан кетуге бірауыздан бел буған
Көкшетауда 40 шақты дәрігер жұмыстан кетуге бірауыздан бел буған

Көкшетауда 40 шақты дәрігер жұмыстан кетуге бірауыздан бел буған

Көкшетау қаласы ауруханасының 40 шақты дәрігері бірауыздан жұмыстан кетуге бел буды. Олар қызметінен қуылған бас дәрігерге осылай қолдау білдіріп отыр. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы Ерлан Аяғановты міндеттерін орындамағаны үшін  қызметінен босатқан.  

Бірақ мұндай уәжге наразы дәрігерлер келіскен жоқ. Айтуларынша, Аяғанов небәрі жарты жылда 430 адам жұмыс істейтін ұжымды айрандай ұйытқан.  Білікті нейрохиругтің қызмет орны енді басқа біреулерге керек болды деген сенімде. 

Бас дәрігердің жұмыстан босатылуы туралы бұйырқты көрген дәрігерлер науқастарды тастай салып наразылыққа шықты. Олар онсыз да  коронавирустан бас көтере алмай жатқанда айрандай ұйыған ұжымға жік салуға болмайды дейді. Өйткені Көкшетау қалалық ауруханасына басшы тұрақтамайтын болған.

Соңғы екі жылда аталған мекемеде бас дәрігер төрт рет ауысыпты. Пандемия кезінде басшыны ауыстыра беруге болмайды дейді жиналғандар. Осы аурухана құзырына былтыр салынған 200 орындық модульдік инфекция да қосылған. «Науқастарды емдеудің орнына, бас дәрігерге араша сұраумен сенделіп жүрміз», - дейді дәрігерлер.

Кристина Лихачева, Көкшетау қаласы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Біз соңынан ұжымды ерте білетін мықты маман келгеніне қуандық. Ол ауруханадағы жұмысты жаңа деңгейге көтерді. Емдеудің жаңа тәсілдеріне дейін меңгертті. Сондай басшыны кетіру – барып тұрған алауыздық. Денсаулық сақтау саласындағы өзара жымысқы ойын. Біздің басшы сол ойынның құрбаны болып тұр. Ол кетсе, біз де бірауыздан кетеміз!

«Жаппай жұмыстан кетеміз» деген ашулы дәрігерлер арыз жазды. Егер бас дәрігер орнына келмесе, 40 шақты маманның орны ойсырап қалады.  Олардың арасында 20-25 жыл еңбек өтілі бар білікті мамандар да бар. Оның үстіне басшының не үшін қызметтен алынғанын ешкім түсіндіріп айтпаған.

Ашуға мінген ақ халаттыларды тыныштандырып жағдайды түсіндіруге келген Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  оларды тіпті таң қалдырды.  Себебі үш күн бұрын өздері бұйрықпен шығарған Ерлан Аяғанов жұмыстан кетуге өз еркімен жаңа ғана  өтініш жазды деп өтірік айтты.  

Нұржан Шағыров, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Өз еркіммен кетем деген өтінішіне бүгін ғана қол қойдық.

- Ал 22-сі күні жұмыстан шығарылғанын білесіз бе?

- Білмеймін. Маған айтқан жоқ.

Медицина қызметкерлері облыс басшысына да ұжымдық хат жолдады. Олар жақын арада бас дәрігер қызметіне қайта кіріспесе, науқас емдеуді қойып, жаппай жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде